ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 25-тур

Президент Туризм және спорт министріне қатысты шешім қабылдады

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. 

Президент Туризм және спорт министріне қатысты шешім қабылдады
Zakon.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Мырзабосыновты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тиісті Жарлыққа мемлекет басшысы 2026 жылғы 3 қыркүйекте қол қойды.

"Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалсын" - делінген мемлекет басшысының Жарлығында.

Мырзабосынов министрлікті 2024 жылдан бері басқарады

Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрлігінің басшысы қызметіне алғаш рет 2024 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Министр болғанға дейін ол Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ әр жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры және Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры болып еңбек етті. Ол – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.