Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Экс-спорт министрі Маңғыстауда лауазымды қызметке тағайындалды

Сарапшы, спорт журналисі
02.09.2025, 11:11

Бұған дейін ол Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған болатын. 

Ulysmedia.kz
Ulysmedia.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Маңғыстау облысының әкімі Асхат Ораловты облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Білімі және еңбек жолы

Асхат Раздықұлы Оралов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей СІМ жанындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған. PhD ғылыми дәрежесі бар.

  • 2011 ж. — ЕҰУ-де әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс департаментінде жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің жетекші маманы;
  • 2013–2016 жж. — ЕҰУ протокол бөлімінің жетекші маманы;
  • 2014–2016 жж. — «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2016–2018 жж. — Астана қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы;
  • 2018 ж. — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры;
  • 2018–2019 жж. — ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2019–2020 жж. — Павлодар облысы әкімінің орынбасары;
  • 2020–2021 жж. — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
  • 2021–2022 жж. — Астана қаласы әкімінің орынбасары;
  • 2022–2023 жж. — «Nur Otan», «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы;
  • 2023 ж. 4 қаңтар — ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды;
  • 2024–2025 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 3

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір