Сәбина Алтынбекова ресми түрде мансабын аяқтауға ниетті
Қазақстанның ең танымал волейболшылардың бірі Сәбина Алтынбекова Instagram арқылы жанкүйерлеріне болашақ жоспарлары туралы мәлімдеп, спорттық мансабын аяқтауға дайын екенін айтты.
instagram/@altynbekova_20
Маңызды мәлімдеме
Әлеуметтік желідегі сторисінде 28 жастағы спортшыға бір жанкүйері «мансабыңызды жалғастырасыз ба?» деген сауал қойды. Алтынбекованың жауабы қысқа да нұсқа болды:
«Ұзақ емес. Уақыты келгенде кету керек деп санаймын. Басқа бағытта дамып, жас, болашағы зор ұрпаққа жол беру қажет», – деп жазды ол.

Қазір Сәбина елордалық «Астана» клубының намысын қорғауда. Бұған дейін ол Индонезияның Yogya Falcons командасында, БАӘ-нің «Аль-Васл», Жапонияның GSS Sunbeams, Италияның «Волалто Казерта» және қазақстандық «Алматы» клубтарында ойнаған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet