Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәбина Алтынбекова өміріндегі өзгеріспен бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
02.09.2025, 10:40

28 жастағы спортшы енді «Астана» клубы сапында өнер көрсететінін жариялады.

sport.orda.kz
sport.orda.kz

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерін қуантты. 28 жастағы спортшы енді «Астана» клубының намысын қорғайды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

Спортшы жаңа командасының жейдесін киіп, фотосессия жасап үлгерген. Бұрынғыдай ол алаңға 20-нөмірмен шығады.

Жеке өміріндегі өзгерістер

2025 жыл Сәбина үшін түрлі оқиғаларға толы болды. Жыл басында ол бес жылдық некеден кейін ажырасқанын мәлімдеген еді. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланғанымен, волейболшы жеке өмірінің егжей-тегжейін жария етпеді.

Сәбина Алтынбекова алғаш рет 2014 жылы Тайбэйде өткен Азия чемпионатында жарқ ете қалды. Қазақстан жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен спортшыны жергілікті жанкүйерлер ерекше сымбатымен байқап, бір күнде-ақ танымал жұлдызға айналдырған.

Халықаралық тәжірибе

Сәбина кейін Индонезия, Жапония және БАӘ клубтарында ойнады. Оның жетістіктерінің ішінде «Әл-Васл» клубымен Араб чемпионатында жеңіп алған алтын медалі бар.

Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер енді Сәбина Алтынбекованы «Астана» клубының жейдесінде тамашалай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір