Алматыда жас шахматшылар арасындағы әлем чемпионатына 250 млн теңге бөлінбек

Сарапшы, спорт журналисі

Алматы әкімдігі жас шахматшылар бәсекесін өткізу үшін қомақты қаржы жұмсамақ.

Алматыда жас шахматшылар арасындағы әлем чемпионатына 250 млн теңге бөлінбек
vecherka-spb.ru

Әкімдіктің тендері жарияланды

Алматы әкімдігі 2025 жылы өтетін жас шахматшылар арасындағы әлем чемпионатын ұйымдастыруға 231 млн-нан астам теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы мәлімет мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.

Жобаның тапсырыс берушісі – қалалық спорт басқармасы. Лот сипаттамасында қаржы чемпионатты ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатыны көрсетілген.

Қатысу мерзімі

Тендерге өтінімдер қабылдау 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Осы уақыт аралығында мердігер компаниялар өз ұсыныстарын беруге тиіс.

Қоғамдық пікір

Әкімдіктің мұндай көлемдегі шығыстары қоғамда түрлі пікір туғызды. Әсіресе «бюджетті үнемдеу керек» деген сөздер жиі айтылып жатқан тұста, спорттық шараға жүздеген миллион теңге жұмсау талқыға түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір