Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Спорт министрі Қазақстанның World Boxing пен IBA-дағы болашағын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

2025 жылы Қазақстан екі бірдей әлем чемпионатына қатысқан болатын.

Спорт министрі Қазақстанның World Boxing пен IBA-дағы болашағын айтты
Ербол Мырзабосынов. Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан World Boxing ұйымының мүшесі бола тұра, не себепті IBA ұйымдастырған әлем чемпионатына қатысқанын түсіндірді:

«Халықаралық Олимпиада комитетімен тікелей жұмыс істейтін негізгі ұйым — World Boxing. Бұл ұйымға біздің даңқты боксшымыз Геннадий Головкин тағайындалды. Ал IBA ұйымына келетін болсақ, белгілі болғандай, болашақта ол коммерциялық жарыстар форматына көшеді. Қазіргі таңда әлемнің барлық мықты елдері қатысуға өтінім бергендіктен және бұл турнир негізінен коммерциялық тұрғыда қарастырылатындықтан, біз өз боксшыларымызды қатыстырудамыз. Бұл екі ұйым болашақта қандай форматта жұмыс істейтінін халықаралық ұйымдардың өзі шешеді. Ал әзірге халықаралық турнирлер өтіп жатқан кезде, біз оларға қатыса береміз, себебі спортшыларымызға қосымша жарыс тәжірибесі қажет», — деп түсіндірді Мырзабосынов.

Айта кетейік, Қазақстан World Boxing пен IBA ұйымдарының екеуіне де мүше, дегенмен бұл ұйымдар бір-біріне бәсекелес болып саналады. Дубайда өткен IBA әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір