The Ring 2026 жылдың ең қызықты бокс айқастарын атады

Сарапшы, спорт журналисі

Кәсіпқой бокс әлеміндегі беделді The Ring журналы 2026 жылы өтуі ықтимал әрі спорттың бағытын айқындауы мүмкін 10 басты жекпе-жектің тізімін жариялады.

The Ring 2026 жылдың ең қызықты бокс айқастарын атады
skysports.com

Суперауыр салмақ: Усик пен британдық мегаайқастар

The Ring назарына іліккен ықтимал жекпе-жектердің қатарында:

  • Александр Усик — Фабио Уордли

Мұнда қазіргі The Ring чемпионы мен WBO белбеуіне қатысты мүдде тоғысуы мүмкін деген сценарий айтылады.

  • Тайсон Фьюри — Энтони Джошуа

Бұл — жылдар бойы айтылып келе жатқан екі британдықтың дәстүрлі қарсыластық желісі.

Крузер салмақ (90,7 кг дейін): белбеулерді біріктіру мүмкіндігі

90,7 кг дейінгі ауыр салмақта журнал мынаны атап өтті:

  • Джай Опетая (IBF және The Ring чемпионы) — Хильберто Рамирес (WBA және WBO иегері)

Бұл — титулдарды біріктіретін айқас болуы ықтимал нұсқа.

Жартылай ауыр салмақ: Биволға қарсы Бенавидес?

Жартылай ауыр дивизионда редакция:

  • Дмитрий Бивол (абсолют чемпион) — Давид Бенавидес (WBC чемпионы)

деген ықтимал кездесуді “үлкен мәні бар” жекпе-жек ретінде қарастырған.

Орта және бірінші орта салмақ: жаңа буынның үлкен текетіресі

The Ring тізімінде орта және бірінші орта салмаққа қатысты екі қызық сценарий бар:

  • Хамза Шираз — Диего Пачеко
  • Джарон Эннис — Вёрджил Ортис

Жартылай орта салмақ және әйелдер боксы: афишасы қалың айқастар

Жартылай орта салмақта редакция мына нұсқаларды ерекше атап өткен:

  • Конор Бенн — Райан Гарсия
  • Әйелдер боксындағы біріктіруші жекпе-жек: Лорен Прайс — Микаэла Майер

Жеңіл салмақ және Жапониядағы “мегафайт”

Тізімнің тағы екі тармағы да жанкүйерлерді елең еткізеді:

  • Жеңіл салмақта әйелдер боксында: Кэролайн Дюбуа (WBC) — Элиф Нур Турхан (IBF)

Бірінші жеңіл салмақта Жапония дербиі ретінде қарастырылған мегаайқас:

  • Наоя Иноуэ (абсолют чемпион) — Дзюнто Накатани (жеңілмеген боксшы)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір