Данияр Елеусінов жағымсыз жаңалық естіді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусинов (13-0, 8 KO) BoxRec сайтының жаңартылған рейтингінде бір саты төмен сырғыды.
sportilinet.kz
Елеусінов неге 5-орынға түсті?
Бұған дейін Елеусінов Қазақстанның үздік боксшылары тізімінде 4-орында тұрған. Алайда соңғы жаңартудан кейін ол 5-сатыға төмендеп, оның алдына Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO) шықты.
Сойлыбаев желтоқсан айының соңында жеңіске жетіп, рекордына өзбекстандық Абдулло Кучкаровпен (6-1, 5 KO) болған жекпе-жектің нәтижесі қосылған. Осы фактор BoxRec ішкі бағалау жүйесіне әсер еткен.
Елеусінов соңғы рет қашан жұдырықтасты?
Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін шілде айында өткізген. Ол кезде қазақстандық боксшы америкалық Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта нокаутпен жеңген. Содан бері Елеусінов рингке шыққан жоқ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet