Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Танымал қазақстандық файтер мүгедек арбасына таңылды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Ысмағұлов Instagram желісінде әуежайдағы бақылаудан өтіп бара жатқан видеосын жариялады. Кадрларда спортшының мүгедек арбасында отырғаны көрінеді. 

Танымал қазақстандық файтер мүгедек арбасына таңылды (ВИДЕО)
Instagram/@ismagulov_damir

Әуежайдағы видео не үшін талқыланып жатыр?

Желіде тараған видеодан Ысмағұловтың арбаға таңылғаны байқалады. Бұл жағдай жанкүйерлер арасында алаңдаушылық тудырып, спортшының денсаулығына қатысты сұрақтарды көбейтті.

Еске салайық, желтоқсан айының ортасында Дамир Ысмағұлов Мәскеуде өткен ACBJJ 20 джиу-джитсу турнирінде ауыр жарақат алған. Сол кезде спортшыны татамиден зембілмен алып шыққан.

Кейін дәрігерлер Исмагуловтың тізе тұсынан бірнеше ауыр зақым анықтады. 

Операция жасалды: алда ұзақ оңалту бар

Өткен аптада Дамир Ысмағұлов ота жасатқанын әлеуметтік желіде хабарлап, қалпына келу процесі оңай болмайтынын айтты:

«Операция жасалды, енді алда ауыр реабилитация тұр. Хабарламаларыңызға рақмет — бұрын-соңды мұнша көп жылы сөз бен тілек алғаным емес».

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір