Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты ақпарат шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Boxingscene.com сайты орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының жағдайына тоқталды.

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты ақпарат шықты
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Getty Images

Портал «Б» сынамасында да тыйым салынған препарат анықталған жағдайда, боксшы үшін оның салдары қандай болатынын алға тартты.

Желтоқсан айында Жәнібектен алынған допинг-сынамадан тыйым салынған мельдонийпрепараты анықталғаны белгілі болды. Осыған байланысты WBO ұйымы ішкі тергеу бастаған, ал 7 желтоқсанға жоспарланған Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек кейінге қалдырылған еді. Енді «Қазақ стилі» «Б» сынамасының нәтижесін күтуде.

BoxingScene мәліметінше, Жәнібек пен оның командасы екінші сынаманың ашылуы мен талдану рәсіміне тікелей қатысады.

"Бұл процедура 8 қаңтарға белгіленген. Осы талдаудың қорытындысына қарай аталған іс бойынша қандай шешім қабылданатыны нақтыланбақ. Допинг сынамасының алғашқы нәтижесі қолайсыз болған жағдайда спортшы «Б» сынамасын тексеруді талап етуге құқылы. Алайда тәжірибеде екінші сынаманың нәтижесі алғашқысына қайшы келетін жағдайлар өте сирек кездеседі. Соған қарамастан, бокс тарихында сынаманың ластануы немесе оны сақтау мен тасымалдау барысында жіберілген қателіктер дәлелденіп, спортшылар ақталған кездер де болған".

Бокс порталы Жәнібек Әлімханұлының барлық белбеуден айрылып қалу қауіпін де айтып өтті:

"Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлының тағдыры тергеу жүргізіп жатқан тараптардың шешіміне тікелей байланысты. Егер ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдей алмаса, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылып, дисквалификация қаупі күн тәртібінде тұр", – деп жазды сайт.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 10
👎 0
😂 0
😡 2
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір