Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

World Boxing енді боксшылардың жынысын тексереді

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық World Boxing федерациясы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ер боксшылар үшін міндетті гендерлік тестілеу талабын ресми түрде енгізді.

World Boxing енді боксшылардың жынысын тексереді
World Boxing

Ұйымның ресми мәлімдемесіне сәйкес, жаңа талап World Boxing өткізетін немесе санкциялайтын барлық жарыстарда қолданылады.

«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап World Boxing жарыстарына қатысқысы келетін 18 жастан асқан барлық ер спортшылар өмірінде бір рет қана өткізілетін ПЦР-тесттен (полимеразды тізбекті реакция) немесе соған теңестірілген медициналық-генетикалық тексеруден өтуі тиіс. Бұл тест спортшының туған кездегі жынысын анықтау және жарысқа қатысу құқығын растау үшін қажет», - делінген ұйым сайтында.

Айта кетейік, әйел боксшылар үшін міндетті гендерлік тестілеу 2025 жылдың тамызында, Ливерпульде өткен әлем чемпионаты қарсаңында енгізілген болатын. Мұндай шешім 2024 жылғы Париж Олимпиадасында болған даулы жағдайлардан кейін қабылданды. Атап айтқанда, алжирлік Иман Хелиф пен тайваньдық Линь Юйтинь жоғары тестостерон деңгейі мен жыныстық сәйкестік талаптарына қатысты айыптауларға іліккен еді.

Сонымен қатар, биылғы жылдың қараша айында World Boxing президенті болып аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сайланғанын атап өткен жөн. Сарапшылар жаңа ережелер ұйым басшылығындағы реформалардың бір бөлігі екенін және бокста әділ бәсекені қамтамасыз етуге бағытталғанын айтуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір