Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«IBA кәсіби боксқа серпін береді» — Қазақстанды қандай ірі жекпе-жектер күтіп тұр?

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв Қазақстанда кәсіби боксқа бағытталған жаңа халықаралық жоба іске қосылатынын мәлімдеді.

«IBA кәсіби боксқа серпін береді» — Қазақстанды қандай ірі жекпе-жектер күтіп тұр?
rtvi.com

Қазақстанда жаңа жоба қолға алынады 

Кремлёвтің айтуынша, Қазақстанда IBA Nomad атты жоба ресми түрде іске қосылады. Ол бұл бастаманы өзінің YouTube-арнасында жариялап, жобаның ауқымы халықаралық деңгейде болатынын атап өтті.

Кремлёвтің сөзінше, Қазақстанда кәсіби боксқа қайта серпін беріліп, ірі халықаралық турнирлер мен шоу форматындағы үлкен ивенттер ұйымдастырылмақ.

IBA Олимпиадалық бокстан шеттетілгеннен кейін бағытын өзгертті

Еске салайық, IBA Олимпиадалық боксты басқарудан шеттетілгеннен кейін ұйым өз жұмысында кәсіби бағыттағы жобалар мен коммерциялық форматтағы шараларға көбірек мән бере бастады. Осы тұрғыда Қазақстандағы жаңа бастама — IBA-ның стратегиясындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануы мүмкін.

Қазір Қазақстан IBA құрамында да, сондай-ақ Олимпиадалық боксты қадағалауға тиіс жаңа ұйым — World Boxing құрамында да бар.

Айта кетейік, IBA-ның Дубайда өткен соңғы әлем чемпионатынан кейін төрешілікке қатысты даулы жағдайлар жиілеп, Қазақстанда ұйым құрамынан шығу жөніндегі пікірлер де белсенді айтыла бастады.

Не күтіледі?

Жоба туралы толық регламент, күнтізбе және қатысушылар тізімі әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен Кремлёв мәлімдемесіне сүйенсек, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі кәсіби бокс кештері өтеді деген жоспар бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір