Қазақстандық көкпаршылар екі "күміс" үшін қанша сыйақы алды?
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 109 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк-бөрі мен көкпардан күміс жүлде иеленіп, екі дисциплина бойынша жалпы 5 миллион сом көлемінде сыйақы алды. Бұл шамамен 26,1 миллион теңгеге тең.
Көк бөріден – 3 миллион сом
Көк бөрі жарысының финалында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Шешуші ойында алаң иелері 12:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы екінші орынмен шектелді.
24.kg мәліметінше, күміс жүлдегер атанған қазақстандық командаға 3 миллион сом, яғни шамамен 15,66 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Қырғызстан бұл дисциплинадағы жеңісі үшін 5 миллион сом алды.
Көкпардан да Қазақстан екінші орын алды
Көкпар бәсекесінің финалында да Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Бұл жолы да қырғызстандық көкпаршылар 7:2 есебімен басым түсіп, алтын медаль иеленді. Қазақстан күміс жүлдегер атанды.
Екінші орын үшін Қазақстан құрамасына 2 миллион сом немесе шамамен 10,44 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Ал чемпион атанған Қырғызстан командасының жүлдесі 3 миллион сомды құрады.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 109 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысты.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.