Қазақстан көкпардан Қырғызстаннан жеңіліп қалды
Бұған дейін дәл осы екі елдің құрамалары көк-бөрү сайысының финалында кездесіп, қазақстандық көкпаршылар қарсыластан айласын асыра алмаған еді.
Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан өткен финалдық кездесу аяқталды. Шешуші ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесіп, 2:7 есебімен жеңілді.
Осылайша, жарыс қожайындары алтын медаль иеленді.
Қазақстан чемпиондық атағын қорғай алмады
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көкпардан қазіргі чемпион ретінде келген еді.
Алайда биылғы финалда Қырғызстанға жол беріп, чемпиондық атағын сақтап қала алмады.
Турнир барысында Қазақстан құрамасы Ресей командасын 14:1, ал Венгрияны 9:4 есебімен жеңген болатын.
Қырғызстан көк-бөрүде де басым түсті
Бұған дейін дәл осы екі елдің құрамалары көк-бөрү сайысының финалында да кездесті.
Ол бәсекеде Қырғызстан Қазақстанды 12:0 есебімен жеңіп, алтын жүлде иеленді. Осылайша, Қырғызстан құрамасы көшпенділер ойындарындағы екі бірдей шешуші бәсекеде Қазақстаннан басым түсті.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бішкекте 31 тамызда басталды. Жарыс бүгін, 6 қыркүйекте өз мәресіне жетеді.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.