"Тобыл" бас бапкерге қатысты маңызды шешім қабылдады
Қостанайдың "Тобыл" ФК беларусь маманы Мирослав Ромащенкомен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.
Ромащенкомен келісімшарт ұзартылады
Amanvibe.kz мәліметінше, Қазақстанның екі дүркін чемпионы "Тобыл" клубының басшылығы Мирослав Ромащенконы қызметінде қалдыру туралы шешім қабылдаған. Тараптар жаңа келісімшарттың шарттары бойынша өзара келісімге келген. Енді тиісті құжаттарға ресми түрде қол қойылуы күтілуде.
Сөйтіп беларусь маманы 2027 жылғы маусымда да қостанайлық команданы жаттықтыруы мүмкін.
"Тобылдың" нәтижесі қалай өзгерді?
52 жастағы Мирослав Ромащенко "Тобыл" тізгінін 2026 жылғы маусымның ортасында ұстады. Ол қызметіне кіріскен кезде қостанайлық клуб Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде 15-орында тұрған еді.
Жаңа бапкердің жетекшілігімен команда нәтижесін жақсартып, турнирлік кестеде жоғары көтеріле бастады. Қазір "Тобыл" Қазақстан чемпионатында жетінші орынға жайғасқан.
Қостанайлық клубтың басшылығы команданың соңғы нәтижелерін ескеріп, бапкерлер штабымен жұмысты жалғастыруды көздеп отыр. Дегенмен Мирослав Ромащенкомен жаңа келісімшарт жасалғаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.