"Аталанта" алматылық "Қайратпен" ойын алдында төрт футболшысынан айырылды
Италиялық "Аталанта" алматылық "Қайратпен" кездесер алдында кадрлық мәселелерге тап болды.
CalcioAtalanta басылымының мәліметінше, бергамолық клуб бір апта ішінде негізгі құрамдағы төрт ойыншысынан айырылған. Жарақат алған футболшылардың қатарында Джакомо Распадори, Джорджо Скальвини, Франк Кессье және Сеад Колашинац бар.
Тығыз ойын кестесі "Аталантаға" әсер етті
Италиялық басылым командадағы кадрлық қиындықтарды ойындардың тым жиі өткізілуімен байланыстырады. "Аталанта" жеті күннен аз уақыт ішінде "Венеция", "Пафос" және "Миланға" қарсы кездесу өткізген. Басылымның мәліметінше, команда бапкерінің жалғыз үміті жарақат алған футболшылардың біртіндеп қатарға қосылып, жаңа жарақаттардың алдын алу.
"Аталанта" мен "Қайрат" арасындағы кездесуі 5 қарашада Италияда өтеді. Ал үш күннен кейін бергамолық клубты "Монцаға" қарсы сырт алаңдағы Италия чемпионатының ойыны күтіп тұр.
Қазіргі уақытта аталған төрт футболшының "Қайратқа" қарсы кездесуге қатысатыны нақты белгісіз. Олардың ойынға дайындығы мен алаңға шығу мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Еске салсақ, 22 қазанда УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде "Қайрат" Грекияның "Панатинаикос" командасына 1:5 есебімен есе жіберді.