Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Есекті қанша мақтасаң да, ат болмайды" - Хамитов "Қайраттың" ойыны жайлы

Жуырда алматылық клуб Конференция лигасы аясында "Панатинаикосқа" 1:5 есебімен жеңілген болатын. 

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов алматылық "Қайраттың" "Панатинаикосқа" қарсы өткізген матчына пікір білдірді.

Рафаэль Оразбахтин шәкірттері турнирдің жалпы кезеңіндегі екінші ойында грек клубына өз алаңында 1:5 есебімен жеңілді.

"Қайрат" Алматыда бес гол жіберді

Кездесуде алматылық команданың жалғыз голын Исмаил Бекболат соқты.

Ал "Панатинаикос" бес гол соқты. Сириль Дессерс дубль авторы атанды. 

"Есекті қанша мақтасаң да, ат болмайды"

Қазақстан футболындағы шығындар мен нәтижелер арақатынасын бұған дейін де бірнеше рет сынаған Қуат Хамитов бұл жолы да үнсіз қалмады.

"Найман" жергілікті БАҚ-тың әлеуметтік желідегі парақшасындағы матч нәтижесіне арналған жазбаның астына:

"Есекті қанша мақтасаң да, ат болмайды", – деп пікір қалдырды.

"Қайрат" 31-орында тұр

Конференциялар лигасының екі турынан кейін "Қайраттың" еншісінде бір ұпай бар.

Алматылық клуб жалпы кезеңдегі 36 команданың арасында 31-орында орналасқан.

Ал "Панатинаикос" екі кездесуден алты ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұр.

"Қайрат" келесі еурокубок матчын 5 қарашада сырт алаңда Италияның "Аталантасына" қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын