Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы бір "күміс" алды

Финалдық ойында Иран құрамасының волейболшылары 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы бір "күміс" алды
sportarena.kz

Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында отырып ойнайтын волейболдан күміс медаль жеңіп алды.

23 қазанда өткен финалда қазақстандық команда Иран құрамасымен кездесті. Құрамалар бұған дейін топтық кезеңде де кездескен болатын. Дегенмен, шешуші ойында Иран құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Партиялар нәтижесі:

  • 25:17;
  • 25:15;
  • 25:17.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді екінші орынмен аяқтады.

Қазақстан финалға қалай жетті?

Топтық кезеңде Қазақстан Таиланд құрамасын жеңді.

Ал жартылай финалда Иракқа қарсы матч аса тартысты өтті. Қазақстан құрамасы алғашқы екі партиядан кейін 0:2 есебімен жеңіліп жатқанымен, кездесудің барысын өзгерте алды.

Нәтижесінде ұлттық құрама үш партияны қатарынан ұтып, матчты 3:2 есебімен жеңіспен аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?