Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Өзбекстанды артта қалдырды: Қазақстан Азия Пара ойындарында "қола" алды

Қазақстан құрамасы командалық есепте 412,09 коэффициент көрсетіп, Өзбекстан спортшыларынан озды. 

Өзбекстанды артта қалдырды: Қазақстан Азия Пара ойындарында "қола" алды
t.me/parateamk

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан V жазғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір медаль жеңіп алды.

23 қазанда пауэрлифтингтен командалық сында қазақстандық спортшылар Өзбекстан құрамасынан басым түсіп, қола медаль иеленді.

Қазақстан Өзбекстанды қола жүлде үшін тартыста жеңді

Қазақстан құрамасы командалық есепте 412,09 коэффициент көрсетіп, Өзбекстан спортшыларын артқа қалдырды. Осы нәтиже ұлттық құрамаға Азия Пара ойындарының қола жүлдесін әкелді.

Қазақстан сапында:

  • Давид Дегтярёв;
  • Ерболат Карибай;
  • Станислав Шакиев өнер көрсетті.

Қытай бірінші орын алды

Жарыс қорытындысы бойынша Қытай құрамасы 379,21 коэффициентпен бірінші орынға ие болды.

Ирак командасы 287,63 коэффициент көрсетіп, күміс медаль алды.

Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?