Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дастан Сәтпаевтың клубы Чемпионшип матчы алдында 14 футболшысынан айырылды

Шабуыл шебіндегі бірнеше футболшының қатардан шығуы Дастан Сәтпаевтың негізгі құрамда алаңға шығу мүмкіндігін арттыруы ықтимал.

Дастан Сәтпаевтың клубы Чемпионшип матчы алдында 14 футболшысынан айырылды
sports.kz

Англияның "Бернли" клубы Чемпионшип аясында сырт алаңда "Линкольн Ситиге" қарсы өткізетін кездесу қарсаңында бірқатар маңызды ойыншысынан айырылды. 

Бұл туралы британдық журналист Мэтт Скрафтон X әлеуметтік желісінде клубтағы жағдайды хабарлады.

"Жарақаттар немесе тіркеудің болмауына байланысты "Бернли" сенбі күні "Линкольнге" қарсы матчта 14 ойыншысыз қалады. Егер Джош Каллен дайын болмаса, олардың саны 15-ке жетеді", – деп жазды Скрафтон.

Матчқа қатыса алмайтындардың қатарында Бен Эймос, Анел Ахмедходжич, Йордан Байер, Башир Хамфрис, Шуранди Самбо, Ханнибал Межбри, Аарон Рэмзи, Джейдон Банел, Якоб Бруун Ларсен, Майк Трезор, Зеки Амдуни, Эшли Барнс, Майкл Обафеми және Джейми Варди бар.

Сәтпаевтың негізгі құрамға шығу мүмкіндігі артуы мүмкін

Шабуыл шебіндегі бірнеше футболшының қатардан шығуы Дастан Сәтпаевтың негізгі құрамда алаңға шығу мүмкіндігін арттыруы ықтимал.

Қазақстандық форвард жақында жамбастың артқы бөлігіндегі жарақатынан кейін қайта қатарға қосылған еді.

"Вулверхэмптонға" қарсы кездесуде Сәтпаев алаңда 30 минут өткізді.

Матч 24 қазанда өтеді

"Линкольн Сити" – "Бернли" кездесуі 24 қазанда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?