Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бразилиялық файтер қазақстандықты тұншықтыру әдісімен жеңді

Аралас жекпе-жек шебері Сүндет Айтқұл Абу-Дабиде UAE Warriors 74 турнирінде сәтсіз өнер көрсетті.

Бразилиялық файтер қазақстандықты тұншықтыру әдісімен жеңді
instagram/@uae

Екінші раундта аяқталған жекпе-жек 

Қазақстандық файтер UAE Warriors 74 турнирінде бразилиялық Майкон Алсиномен күш сынасты. Кездесу 67 келіге дейінгі аралық салмақ дәрежесінде үш раундқа жоспарланған болатын. Дегенмен белгіленген уақытқа жеткен жоқ. Екінші раундта бразилиялық файтер тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.

Майкон Алсино сабмишн әдісімен жеңіске жетіп, Сүндет Айтқұлдың алты жекпе-жекке созылған жеңісті сериясын тоқтатты.

Қазақстандық файтердің жеңісті сериясы үзілді

Бұл кездесуге дейін Сүндет Айтқұлдың кәсіби ММА-дағы көрсеткіші 13 жеңіс пен 2 жеңілістен тұратын. Бразилиялық қарсыласына есе жібергеннен кейін оның статистикасы 13 жеңіс және 3 жеңіліске өзгерді.

Айта кетейік, қазақстандық файтер бұған дейін қатарынан алты жекпе-жекте қарсыластарынан басым түскен. Ол соңғы рет 2024 жылдың сәуір айында жеңіліс тапқан. 

Ал Майкон Алсино кәсіби мансабындағы 16-жеңісіне жетті. Енді оның еншісінде 16 жеңіс, 8 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?