Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ордабасы" – "Жеңіс" матчының нақты есебі айтылды

Матч 24 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.

"Ордабасы" – "Жеңіс" матчының нақты есебі айтылды
sports24.kz

Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясындағы "Ордабасы" – "Жеңіс" кездесуіне болжам жасап, матчтың ықтимал нәтижесін атады.

ChatGPT бағалауынша, бұл ойында шымкенттік клуб фаворит. 28 турдан кейін "Ордабасы" 67 ұпай жинап, чемпионат көшін бастап тұр. Шымкенттік команда маусым аяқталуына екі тур қалғанда "Қайраттан" төрт ұпай алда келеді. Ал "Жеңіс" 32 ұпаймен турнир кестесінде оныншы орында орналасқан. 

ЖИ бағалауынша, турнирлік жағдай "Ордабасыны" алғашқы минуттардан-ақ жоғары қарқынмен ойнауға итермелеуі мүмкін.

Десе де, болжамда елордалық клубтың шабуылдағы мүмкіндігі де ескерілген. Алдыңғы турда "Жеңіс" Қостанайда "Тобылға" 2:4 есебімен жеңілгенімен, екі гол соға алды. 

ЖИ болжамынша, "Жеңіс" қарымта шабуылдар арқылы мүмкіндік іздеуі мүмкін, ал "Ордабасы" үшін доп жоғалтқаннан кейінгі тепе-теңдікті сақтау маңызды болады.

ЖИ нақты есепті атады

ChatGPT "Ордабасы" матч барысында бастаманы жиі қолға алып, көбірек голдық мүмкіндік жасайды деп есептейді.

Қорытынды болжам:

  • "Ордабасы" – "Жеңіс" – 2:0.

Матч 24 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 18:00.

Бұл туралы не ойлайсыз?