Танымал футбол маманы Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойынына қатысты ойымен бөлісті.
Оның айтуынша, Ұлттар Лигасы аясындағы матчтарда Қазақстанның нақты қанша ұпай жинай алатынын айту қиын.
«Команданың нақты ұпай еншілейтінін дөп басып айту қиын. Менің ойымша, сырт алаңда өтетін матчтарда бізде еш шанс жоқ. Ал өз алаңымызда сенсация жасап, кемі бір ұпай алуы мүмкін. Бұл іс Ұлттық құраманың қолынан келетініне сенімдімін. Жалпы, көп нәрсе турнилік кестеге байланысты болады. Топтан тек бір ғана ұжым А Лигасына жолдама алады. Сондықтан командалар кездесулерге қандай мотивациямен келетіні белгісіз», - деді маман.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі ойыны қазанның 10-на белгіленген. Станислав Черчесов шәкірттері сырт алаңда Австрия командасымен кездесу өткізеді.