Кирилл Кекер "Ордабасы" командасының бас бапкері қызметінен кетті
Қазақстандық маман бұл қызметке биыл тамыз айында келген еді.
sports24.kz
Команда Қазақстан чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Осыған байланысты шымкенттік ұжым сапынан көптеген ойыншы басқа командаларға ауысты.
Оған дейін Кирилл Кекер 2022 жылғы маусымнан бастап “Қайрат” футбол клубының бас бапкері болды. Бұл қызметте алматылық клубпен 60 матч өткізді. Оның 29-да жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түссе, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.
Ол “Қайраттан” сәуірде “Қайсардан” жеңілгенінен кейін өз еркімен кетті.
“Кирилл Кеккер келісімшарттың аяқталуына байланысты клубтан шықты. Біз оған кәсібилігі мен жасаған жұмысы үшін алғыс айтамыз. Оның жұмыс қызметін жалғастыруда табыс тілейміз”, - деп жазылған хабарламада.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet