"Милан" Кайл Уокерді алғысы келеді

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Кайл Уокердің "Ситиден" кететіні белгілі болды. 

"Милан" Кайл Уокерді алғысы келеді
sport-express.net

Кайл Уокер "Манчестер Ситиден" кеткісі келеді. Бұл туралы команданың бас бапкері Хосеп Гвардиола мәлімдеді.

34 жастағы ойыншы қысқы трансфер кезінде-ақ (18 ай келісімі бар әлі) команда ауыстыруға ниетті. Өз кезегінде "Милан" да ертерек ұсыныс жасап, футболшыны қатарына қосуды көздейді.  

Айта кетейік, Уокер "Ситиге" 2017 жылы қосылды. "Тоттенхэмнен" 50 миллион еуроға ауысқан болатын. Содан бері ағылшын футболшысы 300 матч өткізіп, алты рет АПЛ-ды жеңді. 2 мәрте Англия кубогын алса, бір рет Чемпиондар лигасын ұтты. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір