Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Чемпиондар лигасы. "Реал" "Манчестер Ситиді" қапы қалдырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
20.02.2025, 05:50

"ПСЖ" мен "Реал Мадрид" Чемпиондар Лигасында ірі жеңістерге жетсе, "Ювентус" "Аталанта" мен "Миланның" жолын қайталады. 

goal.com
goal.com

Франция чемпионатының қос клубы арасындағы қайтарымды плей-офф матчында "ПСЖ" "Брест" командасын 7:0 есебімен тас-талқан етті.

Грузиялық шабуылшы Хвича Кварацхелия Париж клубы сапында Чемпиондар Лигасындағы алғашқы голын соғып, нәтижелі пас берді. Ал ресейлік қақпашы Матвей Сафонов бұл ойында алаңға шыққан жоқ.

Екі матчтың қорытындысы бойынша "ПСЖ" "Брестті" 10:0 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды.

Күннің тағы бір маңызды матчында "Реал Мадрид" "Манчестер Ситиді" 3:1 есебімен жеңді. Бұл ойында мадридтік клубтың көшбасшысы Килиан Мбаппе хет-трик жасады. Екі кездесудің жиынтығында (3:2, 3:1) "Реал" айқын басымдықпен 1/8 финалға өтті.

Дортмундтық "Боруссия" мен "Спортинг" 0:0 есебімен тең түсті. Бірінші матчта 3:0 есебімен жеңіске жеткен немістер жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Голландиялық ПСВ "Ювентусті" Чемпиондар лигасынан тайдырды. Эйндховендіктер ойынды қосымша уақытқа ауыстырып, Фламинго жеңісті голдың авторы атанды. Осылайша 1/16 финалда үш бірдей итальяндық клубы ұшып кетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір