Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Шын жүректен мойындаймын". Әли Әлиев Уэльспен болған матчтан кейін пікір білдірді

Редактор Penalty.kz
23.03.2025, 09:12

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы ӘЧ іріктеу аясында Уэльс құрамасынан 3:1 есебімен жеңілген матчтан кейін ойын туралы пікірін білдірді. 

kff.kz
kff.kz

Қарсыластың деңгейін түсіндік

"Қарсылас команда ойыншыларының шеберлігі мен деңгейін жақсы білдік. Сондықтан да біз арнайы тактика таңдадық. Прессинг ұйымдастыру мүмкін болмаса, қорғаныс блоктарын құрып сол арқылы допты тартып алуға тырыстық. Бұл жерде Самородов, Чесноков пен Жақсылықов секілді жылдам шабуылшыларымызға сенім арттық. Басты жоспар — Уэльс допты жоғалтқаннан кейін туындайтын бос кеңістікті тиімді пайдалану болды. Себебі олардың қапталдағы қорғаушылары орталыққа жиі ойысатын, сол кезде қапталдарда бос аймақтар пайда болатын. Бірінші таймда осы жоспарымыз жақсы жұмыс істеді", — деді Әли Әлиев.

Стандарттар — басты өкініш

"Ең өкініштісі — стандарттық жағдайлардан екі гол жіберіп алдық. Біз бұл элементті жаттығуда көп дайындадық. Шын айтсам, бұл голдарды өзіміз "сыйлап" қойдық деуге болады. Уэльс құрамасының табандылығын жоққа шығармаймын. Алайда шын жүректен мойындаймын: біз бұл ойында кем дегенде бір ұпай аламыз деп үміттендік. Бұл біз үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды болатын. Бірақ осындай стандарттардан гол өткізу — кешірілмейтін қателік деп ойлаймын. Бұл бағытта әлі де көп жұмыс істеуіміз керек", — деп қорытындылады Әлиев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 22
👎 6
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір