Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Футбол – қатал, бірақ әділетті". Танымал ресейлік комментатор Қазақстанның Уэльске қарсы жеңіліс себебін түсіндірді

Редактор Penalty.kz
23.03.2025, 09:30

Атақты ресейлік футбол комментаторы Александр Елагин 2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының Уэльспен сырт алаңдағы матчта жеңілу себептеріне тоқталды. 

namibian.com
namibian.com

"Қорқыныштар расталмады" 

"Ашық айту керек, Қазақстан құрамасы ойсырай жеңіледі деген үрейлер орындалмады. "Шайтан онша қорқынышты емес екен" деген сөз дәл осы жағдайға сай келеді. Әли Әлиев өте жақсы команда жасақтаған. Қазақстан құрамасы сабырмен, асығыссыз, артық абыржусыз ойнады — бұл қорғанысқа да, жалпы командалық ойынға да қатысты, — деді Елагин.

Қателіктер – голға ұласқан сәттер

"Уэльс допқа көбірек ие болғаны заңды. Себебі өз алаңында ойнады. Бірақ Қазақстан өткізген голдар жанкүйерлер үшін өте өкінішті. Алғашқы голда Тағыберген оң қапталдағы шабуылдан кейін допты дер кезінде аластатпағаны — қателік. Егер капитан допты бірден теуіп жібергенде гол болмас еді. Ол сәл кідіріп қалды, ал валлийлік ойыншылар бірден қайтадан шабуылға көшіп, рикошеттен кейін доп қақпаға кірді.

Александр Елагин. ФОТО: sports.ru

Пенальти мен қателіктер сериясы

"Қазақстан құрамасының пайдасына берілген пенальти — 100 пайыз әділ шешім болды. Доп валлийлік қорғаушының қолына тиген. Өкінішке қарай Тағыберген әлсіз соққы жасады. Ал екінші таймның алғашқы минутында Заруцкий тарапынан өрескел қателік кетті. Ол допты ойынға дұрыс қоспай, гол өткізіп алды. Дегенмен кейін Заруцкий екі қауіпті соққыны қайтарды, әсіресе Джордан Джеймстің соққысын. Үшінші гол – бұл таза концентрацияның жоғалуы. Әли Әлиев қорғаныс шебін қайта қарастыруы керек. Себебі, аздаған босаңсу бірден голмен жазаланады. Футбол – қатал, бірақ әділетті", — деп түйіндеді Елагин.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің алғашқы турында Уэльс құрамасынан 3:1 есебімен жеңілді. Кездесу Кардифф қаласында өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір