Дастан Сәтпаев Уэльске қарсы матчта жаңа рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі

"Челси" ойыншысы, қазір "Қайрат" сапында жалға ойнап жүрген 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев Уэльске қарсы ресми матчта Қазақстан құрамасының жейдесімен алғаш рет алаңға шығып, жаңа рекорд орнатты.

Дастан Сәтпаев Уэльске қарсы матчта жаңа рекорд орнатты
ulysmedia.kz

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Дастан Сәтпаев ұлттық құрама тарихындағы ең жас дебютант атанды. Ол ресми матчта небәрі 16 жас 7 ай 11 күн жасында алаңға шыққан. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі рекордтарды жаңартып, жас шабуылшының есімін қазақстандық футбол шежіресіне жазды.

Сәтпаев 74-минутта ойынға қосылып, өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алды. Дегенмен жас футболшы бұл ойында нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ. Алаңдағы сенімді ойыны мен техникасы жанкүйерлер мен бапкерлердің оң бағасына ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 3
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір