
Бұрын аса ірі көлемде алаяқтық үшін сотталған Сәкен Мұсайбековтің «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалуы қоғамда дау туғызған еді.
Алаяқтық үшін бұрын сотталған Сәкен Мұсайбековтің «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалуы қоғамда резонанс тудырды. Бұл жағдайға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми түсініктеме берді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша:
«Сәкен Мұсайбеков Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша — аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегімен сотталған. Бірақ сол уақытта бұл бап коррупциялық қылмыс қатарына кірмейтін».
Сол себепті, Мұсайбековке мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге заң жүзінде тыйым салынбаған.
2022 жылы Антикордың бастамасымен Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіліп, 189-баптың 4-бөлігі коррупциялық баптар тізіміне ресми түрде қосылған. Осыған сәйкес:
«Барыс» клубындағы бұл тағайындау қоғамда қызу талқылануда. Көпшілік спорт саласындағы басшылық қызметке бұрын істі болған адамның келуіне күмәнмен қарап отыр. Дегенмен, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, бұл тағайындауға тосқауыл жоқ.