"Барыстың" ҚХЛ-дағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы үш кездесуінде астаналық "Барыс" өз айдынында "Трактор", "Амур" және Минсктің "Динамосын" қабылдайды.
Prosports.kz
"Барыс" ХК 2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымындағы алғашқы үш кездесуінің күнтізбесін жариялады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы ойындар:
- 7 қыркүйек — "Барыс" vs "Трактор" (Челябі)
- 9 қыркүйек — "Барыс" vs "Амур" (Хабаровск)
- 13 қыркүйек — "Барыс" vs "Динамо" (Минск)
Барлық үш ойын да елордада өтеді.
Толық күнтізбе — 4 шілдеде
ҚХЛ басшылығы жаңа маусымның толық матчтық кестесін 4 шілде күні жариялайтынын мәлімдеді.
Өкінішке қарай, өткен маусым "Барыс" үшін сәтсіз аяқталған еді — команда плей-офф кезеңіне шыға алмай, тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетіп, турнир кестесінің соңында қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet