
Шутов тамаша ойнады, бірақ буллиттерде «Сібір» мықты болды.
Астаналық «Барыс» Новосібірде жергілікті «Сібір» командасына қарсы Құрлықтық хоккей лигасының сырт айдындағы кездесуін өткізді.
Михаил Кравец келесі құрамды жасақтады:
Шутов (Шил) — Маккошен–Уолш, Старченко–Морелли–Веккьоне;
Масси–Данияр, Галимов–Омірбеков–Савицкий;
Бекетаев–Бреус, Симонов–Шайхмедденов–Қайыржан;
Логвин–Николишин–Мухаметов, Оразов.
Негізгі уақытта да, овертаймда да шайба соғылған жоқ. Ал буллит сериясында жеңісті «Сібір» командасы иеленді.
7 қазан күні «Барыс» Қазан қаласында «Ақ Барс» командасымен кездеседі.
«Сібір» (Новосібір, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
Шайбалар:
1:0 — 65:00 Сошников. Буллит.
Қақпашылар: Доминг — Шутов.
Жаза: 8:4 (4:0, 0:0, 4:2, 0:2).