Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Құлагер» ХК бұрынғы басшысы алаяқтық күдігімен ұсталды

Сарапшы, спорт журналисі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Құлагер» хоккей клубының экс-басшысы Сергей Фильді ұстады.

«Құлагер» ХК бұрынғы басшысы алаяқтық күдігімен ұсталды
orda.kz

Экс-басшы ұсталды

45 жастағы Астана тұрғыны бірнеше адамға қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған деген күдікке ілінді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істің өзге де мәліметтері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін мәлімдеді.

Филь елден шықпаған, бірақ басқа өңірде ұсталған

Ресми деректерге сүйенсек, Сергей Филь басқа облыс аумағында қолға түскен. Алайда ол Қазақстан шекарасынан шықпаған.

Бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап Сергей Фильмен байланыс орнату мүмкін болмаған. Клуб басшылығы бірнеше рет хабарласуға тырысқанымен нәтиже шықпаған. Осыдан кейін полицияға ресми арыздар түсіп, оның әрекеттеріне қатысты алаяқтық күдігі тексеріле бастады.

БАҚ: спортшылардан ақша жинаған болуы мүмкін

БАҚ мәліметінше, Филь Ресей азаматтығындағы кейбір хоккейшілерден қазақстандық паспорт алып беремін деп ақша жинаған, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен болуы ықтимал.

«Құлагер» клубы бұл әрекеттердің команда қызметімен еш байланысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір