«Барыс» ХК Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) кезекті ойынын Нижний Новгородтың «Торпедо» командасына қарсы өткізді.
Кездесу тартысты өткенімен, елордалықтар тағы да жеңіліске ұшырады — 3:5. Бұл — «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі болды.
Бастапқы кезеңде «Барыс» сәтті бастады:
Алайда екінші кезеңде ойын түбегейлі өзгерді. Ресейлік клуб қатарынан бірнеше шайба соғып, алға шықты.
Семен Симонов есепті теңестіргенімен «Торпедо» көп ұзамай тағы екі рет мергендік танытып, басымдығын қайтарды.
Үшінші кезеңде астаналықтар шабуылдарын үдеткенімен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
«Барыс» 14 қазан күні өз мұзайдынында Новосибирсктің «Сібір» клубын қабылдайды. Команда үшін бұл кездесу серияны тоқтатып, ұпай қорын толықтырудың маңызды мүмкіндігі болмақ.