
Михаил Кравецтың айтуынша, астаналық ұжым қорғаныста қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қоя береді.
ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өткен матчта «Барыс» «Торпедодан» 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Осы ойынан кейін «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец өз пікірін білдірді.
”Әрине, жігіттермен жеңіске жетуді көздедік, жанкүйерлер көп келетініне білдік, өз алаңымызда ойнаймыз ғой... Жалпы, жақсы бастадық — бірінші период жақсы өтті. Бірақ тағы да сол қателіктерге ұрынып отырмыз: қарсылас аймағында шайбаны жоғалтып, соның салдарынан екінші периодта қарсы шабуылдарға мүмкіндік бердік. Сол себепті сәттер көп туды.
Қорғанысқа да көңіл бөлу керек — бүгін әдеттегіден көбірек қателік болды. Әйтпесе, соңына дейін күрестік — өкінішке қарай, екі ойыншыны жоғалтып алдық, сондықтан ешкімді «талпынбады» немесе «қолынан келгенін істемеді» деп айта алмайсың. Бірақ сонымен қатар шеберлік те керек, және бес гол жібермеу үшін қорғаныста сенімді ойнау қажет,” – деді Михаил Кравец баспасөз маслихатында.
Естеріңізге салсақ, Астаналықтар кезекті ойында ұпайдан айырылды. Кездесу тартысты өткенімен, елордалықтар тағы да жеңіліске ұшырады — 3:5. Бұл «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі болды.
«Барыс» 14 қазан күні өз мұзайдынында Новосибирсктің «Сібір» клубын қабылдайды. Команда үшін бұл кездесу серияны тоқтатып, ұпай қорын толықтырудың маңызды мүмкіндігі болмақ.