Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Барыс» алты матчтық сәтсіз сериясын сенсациялық жеңіспен үзді

Сарапшы, спорт журналисі

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында «Барыс» күтпеген ірі есеппен омбының «Авангард» командасын тізе бүктірді — 6:2.

«Барыс» бастапқы минуттардан-ақ қарсыласын қысымға алып, Райли Уолш пен Мэйсон Мореллидің шайбаларының арқасында алға шықты. Дегенмен омбылықтар бірінші кезең соңына қарай бір шайбамен жауап қайтарды.

Үзілістен кейін ресейлік команда есепті теңестіріп, ойын шиеленісе түсті. Бірақ шешуші сәт үшінші жиырма минуттықта келді. Майкл Веккьоне, Әділ Бекетаев, Всеволод Логвин және Дінмұхаммед Қайыржан мергендік танытты. Соңғысы бос қақпаға соғылған шайба болды. Осылайша, астаналықтар фаворит саналатын «Авангардты» сенсациялық түрде ұтып, өз алаңындағы көрерменге қуаныш сыйлады.

«Барыс» келесі матчын 18 қазанда өз айдынында қазандық «Ақ Барысқа» қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір