Словенияда хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында (IA дивизионы) Қазақстан құрамасы соңғы ойында Австрияны 5:4 есебімен жеңді. Ең әсерлісі — матч барысында қазақстандықтар 0:4 есебімен жеңіліп жатып, нағыз камбэк жасады.
Бірінші кезеңде австриялықтар бірден басымдық алып, қатарынан төрт шайба соқты. Алайда Қазақстан тез ес жинап, бірінші кезеңнің соңына дейін екі голмен жауап берді. Әлішер Сәркенов пен Корней Корнеев мергендік танытты.
Екінші периодта есеп өзгерген жоқ. Ал үшінші кезеңде нағыз драма басталды. Семён Черкасов (42) айырманы қысқартса, Мстислав Шипилин (45) есепті теңестірді. Ал жеңіс шайбасын Корней Корнеев (59) соғып, Қазақстанға үш ұпай алып берді.
Қорытынды есеп: Қазақстан — Австрия 5:4. Турнир фавориттерінің бірі саналған ұжымға қарсы өте жарқын жеңіс тіркелді.
IA дивизионындағы бес матч нәтижесі бойынша Қазақстан үш рет жеңіп, екі рет жеңілді. Жалпы 9 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, IA дивизионынан элитаға (топ-дивизионға) тек турнир жеңімпазы жолдама алады.