Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты тұрақты чемпионаттың алғашқы бөлімі аяқталғаннан кейін «ақылды шайбалар» негізіндегі қорытынды статистиканы жариялады.
Жаңартылған мәліметке сәйкес, «Барыс» шабуылшысы Мэйсон Морелли лига ойыншылары арасында күтілетін голдар (xG) көрсеткіші бойынша ең үздік нәтиже көрсетті. Оның xG көрсеткіші – 17.
Айта кетейік, америкалық форвард қарсылас қақпасының маңында қауіпті сәттерді жиі ұйымдастыратын хоккейшілер тізімінде де алдыңғы қатардан көрінді. Морелли осы көрсеткіш бойынша ҚХЛ-дегі үздік алты ойыншының қатарына енді.
Ағымдағы маусымда 29 жастағы Мэйсон Морелли ҚХЛ тұрақты чемпионатында:
Мореллидің xG бойынша көш бастауы оның шабуылдағы белсенділігін ғана емес, қақпаға жақын аймақта қауіпті әрекеттерді тұрақты түрде көбейтетін ойын мәнерін де айқындай түседі.