Астаналық «Барыс» ҚХЛ аясында 2026 жылғы алғашқы ойынын Нижний Новгородта «Торпедоға» қарсы өткізді.
Матч алдында қазақстандық команда Шығыс конференциясында 10-орында, ал қарсылас Батыста 5-орында тұрған.
Кездесу барысында "Барыс" екі мәрте есепте алға шыққанымен басымдықты сақтай алмады.
Бірінші кезеңде Кирилл Савицкий қонақтарды алға шығарды. Алайда "Барыс" сапында бұрын ойнаған Дмитрий Шевченко жауап қайтарды.
Үзілістен кейін Аңсар Шайхмедденов астаналықтарды тағы да алға шығарды. Бірақ осыдан кейін "Торпедо" екі рет дәл соққы жасап, таразы басын өзіне аударды.
Үшінші кезеңде есеп өзгермей, матч 3:2 нәтижесімен аяқталды.
"Барыс" 8 қаңтарда сырт алаңда Қазанның "Ақ Барс" командасымен кездеседі.