"Барыс" ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы кезекті сырт алаң матчында қазандық "Ақ Барыспен" кездесті.
Ойын қорытындысы бойынша қазақстандық клуб 3:1 есебімен жеңілді.
Кездесу алдында "Барыс" Шығыс конференциясында 10-орында, ал "Ақ Бары" 3-орында тұрған.
Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Екінші жиырма минутта алаң иелері Адам Шилге екі шайбаны қатарынан соғып, басымдықты қолға алды.
Үшінші кезеңде "Барыс" көпшілікте бір шайбамен жауап берді. Бірақ соңына қарай фаворит бос қақпаға дәл түсіріп, жеңісті бекітті.
10 қаңтарда "Барыс" тағы да сырт алаңда уфалық "Салават Юлаевқа" қарсы кездеседі.