Канада чемпионатында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық жас хоккейші кезекті матчта гол соғып, командасына маңызды ұпай әкелді.
17 жастағы қазақстандық хоккейші Бексұлтан Мақыш өнер көрсететін «Виндзор Спитфайрз» командасы Канададағы Онтарио хоккей лигасының (OHL) тұрақты маусымы аясында өз алаңында «Эри Оттерс» клубын қабылдады.
Кездесу алаң иелерінің айқын басымдығымен өтіп, 9:1 есебімен аяқталды.
Аталған ойында Бексұлтан Мақыш «Виндзор Спитфайрз» сапында бір шайба соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осы маусымда қазақстандық хоккейші 39 матчқа қатысып, 26 ұпай жинады (10 гол және 16 нәтижелі пас).
39 ойыннан кейін «Виндзор Спитфайрз» командасы Батыс конференциясының турнир кестесінде көш бастап тұр.