Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Барыс" ҚХЛ-дегі қатарынан үшінші матчта ұтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Астананың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңда уфалық "Салават Юлаевпен" кездесті. 

Ойын алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында 10-орында, ал ресейлік ұжым 7-сатыда тұрған. Екі команда арасы алты ұпай болды.

Кездесу тағдыры соңғы кезеңде шешілді. Бірінші жиырма минутта алаң иелері минималды айырмашылықпен алға шықса, екінші кезеңде Дінмұхамед Қайыржан есепті теңестірді. Дегенмен уфалықтар үшінші кезеңде екі шайба соғып, ойынды өз пайдасына аяқтады.

Осылайша "Барыс" ҚХЛ-де үшінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырады.

Елордалықтар келесі ойынын 12 қаңтарда Екатеринбургте "Автомобилистке" қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір