"Барыс" қатарынан бесінші рет жеңіліс тапты

Сарапшы, спорт журналисі

Астаналық "Барыс" 2026 жылғы ҚХЛ-дегі алғашқы үй кездесуін өткізді. Команда Нижнекамскінің "Нефтехимигін" қабылдап, матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап қонақтар белсендірек қимылдады.

Бірінші кезең "Нефтехимиктің" минималды басымдығымен өтті. Ал екінші жиырма минутта есеп өзгерген жоқ. Үшінші кезеңдк "Барыс" таразы басын теңестіруге тырысқанымен қақпаға жол таппады.

Нәтижесінде матч тағдырын бір ғана шайба шешті.

"Барыс" 17 қаңтарда Астанада мәскеулік ЦСКА-ны қабылдайды.

"Барыс" (Астана) — "Нефтехимик" (Нижнекамск) 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)
Шайба:
0:1 — 05:07 Точилкин (Федотов, Хоружев). Тең құрамда
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір