Хоккейден ӘЧ-2027: Қазақстан құрамасы Канада мен АҚШ-қа қарсы ойнайды
Турнир 14-30 мамыр аралығында Германияда өтеді.
Хоккейден Қазақстан құрамасының 2027 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды. Турнир келесі жылы Германияда өтеді.
Әлем біріншілігі 14-30 мамыр аралығында ұйымдастырылады.
Қазақстан В тобында ойнайды
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде В тобына түсті. Отандастарымыз әлемдік хоккейдің алпауыттарымен кездеседі.
Қазақстанның қарсыластары:
- Канада
- АҚШ
- Чехия
- Германия
- Дания
- Норвегия
- Италия
Бұл топта Канада, АҚШ және Чехия секілді фавориттер бар. Сондай-ақ турнир қожайыны Германия да Қазақстанмен бір топта өнер көрсетеді.
А тобында кімдер бар?
Әлем чемпионатының А тобында Швейцария, Финляндия, Швеция, Словакия, Латвия, Австрия, Словения және Украина құрамалары ойнайды.
Украина да Қазақстан секілді элиталық дивизионға биыл көтерілген командалардың бірі.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы мамыр айының басында өткен IA дивизионындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Қазақстан мен Украина турнир қорытындысы бойынша алғашқы екі орынды иеленіп, жоғары дивизионға көтерілді. Ал элитадан Ұлыбритания мен Италия құрамалары төмен түскен болатын.