ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Барыстың" жаңа ойыншысы ₸192 млн жалақы алады

Астаналық "Барыс" хоккей клубының жаңа шабуылшысы Джастин Бэйлидің келісімшартына қатысты қаржылық мәлімет жарияланды.

"Барыстың" жаңа ойыншысы ₸192 млн жалақы алады
informsports.kz

Жалақысы неше?

Дереккөз мәліметіне сәйкес, Джастин Бэйлидің бір маусымға арналған келісімшартының негізгі бөлігі 32 миллион рубльге бағаланған. Бұл қазіргі есеппен шамамен 192 миллион теңгеге тең.

“Барыс” пен америкалық шабуылшы арасындағы келісімге 21 шілдеде ресми түрде қол қойылды.

Джастин Бэйли осыған дейінгі кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Ұлттық хоккей лигасындағы алғашқы матчын 2015/2016 жылғы маусымда “Баффало Сэйбрз” сапында өткізген.

Кейін шабуылшы мына командалардың намысын қорғады:

  • “Филадельфия Флайерз”;
  • “Ванкувер Кэнакс”;
  • “Сан-Хосе Шаркс”.

Өткен маусымдағы статистикасы

Джастин Бэйли өткен маусымда Америкалық хоккей лигасындағы “Сан-Диего Галлс” клубының сапында ойнады.

Тұрақты чемпионаттағы 71 матчта 42 ұпай жинады. Америкалық форвард 25 шайба соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.