"Барыс" ҚХЛ маусымын 7:1 есебімен бастады
Астаналық "Барыс" 2026/2027 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы матчында Новосібірдің "Сибирь" клубын қабылдады.
"Барыс" екінші кезеңде бес шайба соқты
Кездесудегі есепті 13-минутта Всеволод Логвин ашты. Үзіліске дейін таблодағы нәтиже өзгерген жоқ.
Екінші жиырмаминуттықта астаналық команда шабуылын күшейтіп, қарсылас қақпаға жауапсыз бес шайба енгізді. Дінмұхамед Қайыржан, Джастин Бэйли және Семен Симонов 4:0 есебін тіркеді.
Осыдан кейін "Сибирь" қақпашысын ауыстырды. Дегенмен бұл шешім де қонақтарды құтқара алмады. Чейз Приски мергендігімен көзге түссе, Бэйли дубль авторы атанды.
Пилон есепті 7:0-ге жеткізді
Үшінші кезеңде Гарретт Пилон "Барыстың" жетінші шайбасын енгізді. Матчтың аяқталуына жеті минуттай қалғанда Даниил Валитов "Сибирьдің" жалғыз голын соқты.
Осылайша астаналық клуб жаңа ҚХЛ маусымындағы алғашқы кездесуін 7:1 есебімен қорытындылады.
"Барыс" келесі кездесуінде 9 қыркүйекте Уфаның "Салават Юлаев" командасын қабылдайды.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.