Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлем чемпионының өлімі: тергеу неге созылып жатыр?

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 17:10

Былтыр 24 желтоқсанда Алматының Наурызбай ауданынан Серік Әлидің денесі табылған еді. 

Qaz365.kz
Qaz365.kz

Алматыда 2024 жылы желтоқсанда қаза тапқан муай-тайдан әлем чемпионы Серік Әлидің ісі әлі сотқа жетпеген. Бұл ақпарды Алматы қалалық полиция департаменті растады деп хабарлайды Tengri Sport

Төрт ай өтті — іс әлі тергеуде

Серік Әлидің денесі былтыр 24 желтоқсанда Алматының Наурызбай ауданынан табылған еді. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Бірақ арада төрт ай өтсе де, іс сотқа жолданбаған.

Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта іс бойынша қосымша сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта іс бойынша қайта сараптама тағайындалды», — делінген ведомство жауабында.

Адам өліміне не себеп болды?

Алдын ала мәліметтер бойынша, Серік Әли мен күдікті азамат С. арасындағы жанжал кісі өліміне себеп болған. Жас спортшының жақындарының айтуынша, марқұм мен күдікті мектепте бірге оқып, ұзақ уақыт дос болған. Қайғылы күнге дейін олар жақын қарым-қатынаста болған деседі.

Серік Әли кім?

Серік Әли 2005 жылдың 6 қаңтарында дүниеге келген. Ол Алматыда өмір сүріп, түрлі жекпе-жек түрімен айналысқан. 2016 жылы муай-тайдан Қазақстан чемпионы атанып, келесі жылы кикбоксингтен ел біріншілігінде топ жарған.

2021 жылы Қарағандыда өткен NOMAD MMA бойынша әлем чемпионатында жеңімпаз атанса, 2022 жылы Малайзияда өткен муай-тайдан әлем чемпионатында 17 жасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ирандық Ясир Пормерді жеңіп, ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл жетістікпен ол Қазақстан тарихындағы муай-тайдан әлемдік деңгейдегі ең жас чемпион ретінде тіркелді.

2023 жылы One Championship лигасымен кәсіби келісімшартқа отырып, алғашқы жекпе-жегінде қытайлық Хо Сяолунға қарсы шыққан. Ал 2024 жылы Абдулманап Нурмагомедов атындағы жекпе-жек мектебінде жаттығу өткізіп жүргені әлеуметтік желіден белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір