Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ауыр атлетшілер әлем чемпионатында қанша медаль жеңіп алды?

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 11:30

30 сәуір мен 5 мамыр аралығында Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті.

kazlenta.kz
kazlenta.kz

Чемпионаттың соңғы күні Лима тұғырына Қазақстан атынан 17 жастағы алматылық спортшы Махамбет Алпысбай шықты. Ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (жастар категориясы) өнер көрсетті. Өкінішке қарай Махамбет 127 келі жұлқи көтеріп, 153 келі серпе көтергенімен (барлығы — 280 кг), 5-орынмен шектелді. Айта кетейік, бұл — оның алғашқы әлем чемпионаты.

Осы салмақтағы жеңімпаздар:

  1. Джаба Кешелашвили (Грузия) — 337 кг (145+192)
  2. Әлішер Османов (Өзбекстан) — 316 кг (146+170)
  3. Саба Чихладзе (Грузия) — 292 кг (130+162)

Перудегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль жеңіп алды. Оның екеуі — алтын, үшеуі — қола.

Алтын жүлдегерлер:

  • Ксения Прозорова (59 кг, жастар)
  • Бейбарыс Ерсейіт (61 кг, жастар)

Қола жүлдегерлер:

  • Кира Данилова (71 кг, жастар)
  • Ернұр Мырзахмет (73 кг, жастар)
  • Ерасыл Сәулебеков (81 кг, жасөспірімдер)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір