Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер атанды

Сарапшы, спорт журналисі

14 жастағы Эдгар Мамедов халықаралық гроссмейстер (GM) атағын иеленіп, елдің шахмат тарихында жаңа парақ ашты. Бұл — Қазақстанның ғана емес, Маңғыстау өңірінің де спорттық мақтанышы.

Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихында ең жас гроссмейстер атанды
NUR.KZ

Жетістікке апарар нақты жол: 8 ұпай мен сенімді ойын

Эдгар Мамедов бұған дейін үш гроссмейстерлік нормативті орындап қойған еді. Оның ФИДЕ рейтингі 2492-ге жеткен болатын, ал GM атағын алу үшін 2500 ұпай қажет. Жетпеген 8 ұпайды ол 2025 жылғы Sharjah Masters International Chess Championship – A супертурнирінде толықтырып, шешуші сәтте үздік ойын өрнегін көрсетті.

“Эдгар алғашқы екі турда сенімді ойнап, қажетті баллдарын жинады. Осылайша ол ресми түрде халықаралық гроссмейстер атанды”, – делінген турнир ұйымдастырушыларының хабарламасында.

Қазақстандағы шахмат тарихына енген есім

Эдгар Мамедов — Қазақстан шахмат тарихында 14 жасында GM атағын алған тұңғыш спортшы. Бұл көрсеткіш оның таланты мен еңбекқорлығын дәлелдейді. Сонымен қатар, ол — Маңғыстау облысынан шыққан алғашқы халықаралық гроссмейстер, бұл аймақ үшін де үлкен тарихи жетістік саналады.

Әйелдер шахматындағы айқас: Асаубаева – Горячкина

Айта кетейік, дәл осы күндері Францияның Монако Князьдігінде өткен әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при кезеңінің 3-турында Бибісара Асаубаева мен әлем чемпионы Александра Горячкина арасында болған партия 5 жарым сағатқа созылып, тартысты аяқталған болатын. Бұл да қазақстандық шахматтың әлемдік деңгейде өрлеп келе жатқанының дәлелі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір