Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық үстел теннисінен әлем чемпионатының үшінші айналымына шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
20.05.2025, 19:42

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан байрақты бәсекеде Кирилл Герасименко мықтыларды артта қалдырып келеді. 

gov.kz
gov.kz

Жапониялық фавориттен басым түсті

Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші кезеңінде 20-нөмірмен тіркелген жапониялық Хирото Шинозуканы 4:2 есебімен (4:11, 11:5, 12:14, 11:8, 13:11, 11:8) жеңіп, үшінші айналымға өтті.Айта кетейік, Шинозука әлемдік рейтингте 26-орында тұрса, Герасименко 59-сатыда орналасқан.

Келесі қарсылас – әлемнің үздік үштігінде

Кириллге үшінші кезеңде оңай қарсылас бұйырмайды. Ол енді рейтингте үшінші орындағы Бразилия өкілі Уго Кальдераномен кездеседі. Бұл матч – қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық туғызатын маңызды сәттердің бірі болмақ.

Чемпионат туралы қысқаша мәлімет

Үстел теннисі бойынша әлем чемпионаты Доха қаласында (Қатар) өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы жеке сында 256 спортшы бақ сынайды. Турнирдің негізгі сеткасында қатысушылар олимпиадалық жүйе бойынша жарыс жолына шыққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір